Жарияланған күні: 18.06.2019 12:42
Өзгертілген күні: 18.06.2019 12:43

Сыбайлас жемқорлықтың проблемасы толғақты сұрақтардың бірі болып тек Қазақстанда емес, дүние жүзінің көпшілік елдерінде есептелінеді және әр-түрлі дәрежеде барлық мемлекеттерге тән.

Қазақстандықтардың түсінігі бойынша жемқорлық жағымсыз мағына екені айқын, көбінесе жиірек пара алушылық пен пара берушілікке теңейді, көпшілік халықпен құқықтық қылмыс болып есептелінеді.  

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды тұрғыдағы іс-әрекет және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімін арттыру, және де Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мақсаттарының бірі.

Сыбайлас жемқорлық көрністерің алғашқы шартының бірі болып мемлекеттік қызметкердің азаматтармен тікелей қарым-қатыныстың болуы, демек мемлекеттік қызметті алу процедурасы ашық және қарапайым болса, соғұрлым сыбайлас жемқорлықтың деңгейі азаяды. Бұл жағдайда, қазіргі заман ақппараттық технологиясын кеңінен пайдалану, мемлекеттік қызметті көрсету процедурасын барынша автоматтандыру және оларды электронды түрде көрсету (мысалы, мемлекеттік корпорация және «электронды үкімет» арқылы)  арқылы адам факторының ықпал етуін азайту қажет.   

Барлығы мемлекеттік кірістер органдарымен мемлекеттік қызметтің 48 түрі, оның ішінде 28 – салық және 20 кеден саласында, сонымен бірге 26 қызмет «Азаматтарға арналға Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (Халыққа қызмет көрсету орталығы)  арқылы көрсетіледі, оның ішінде көбіне талап етілетін келесі қызметтер:   

1.     Жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою;

2.     Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру;

3.     Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру;

4.     Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензия беру;

5.     Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру;

6.     Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру;

7.     Салық есептілігін қабылдау;

8.     Салық есептілігін кері қайтарып алу;

9.     Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;  

10.       Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.

Сонымен қатар, 44 қызметтің ішінде 32 қызмет немесе 67% электронды түрде,  16 қызмет немесе 33% қағаз түрінде көрсетілетіндігін атап айтқан жөн.