Жарияланған күні: 15.06.2022 09:06
Өзгертілген күні: 15.06.2022 09:08

«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының сервистері:

·        Бұл жеке кәсіпкердің профилі (Профиль);

·        Чектерді беру модулі (чектер);

·        ЖК табыстарын есепке алу (кірістер);

·        Қызметкерлер мен олардың табыстарын есепке алу (ЖК қызметкерлері).

«Сервистер» бөлімінде дара кәсіпкерді тіркеу, оның тіркеу деректерін өзгерту, салық салу режимдерін ауыстыру және тағы басқа сервистер жүргізіледі.

«Көмек» бөлімінде қолдау қызметі және жеке сұрақтар мен оларға жауаптар орналастырылған. Төрағаның блогына жүгіну мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, басты бетте «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасына, салық төлеушінің кабинетіне және E-gov порталына сілтемелер орналастырылған. Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін мұнда алдағы салық оқиғалары туралы ескертулер және салық күнтізбесі, сондай-ақ салық есептілігін ұсыну және салықтарды төлеу мерзімдері орналастырылған.

Пайдалану бейінінде жеке кәсіпкер туралы өзекті мәліметтер көрсетіледі. Бұл оның тіркеу деректері, мәртебесі (әрекет ететін, әрекет етпейтін, қызметін тоқтатқан), қызмет түрлері. ЖК тіркелген Мемлекеттік кірістер органы, банк деректемелері (ЖК шотының нөмірі), кәсіпкердің тәуекел дәрежесі көрсетілген.

Сондай-ақ профильде – кәсіпкер өзінің әлеуметтік төлемдерін есептеу үшін мәлімдеген табыстары туралы деректерді енгізеді .