
E-Salyq Business мобильді қосымшасының функционалы
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге 01.01.2022 жылдан бастап «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы іске қосылғанын хабарлайды.
Әзірлеудің негізгі мақсаты Мемлекет басшысының жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету қажеттілігі туралы тапсырмасын іске асыру болып табылады.
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының функционалы:
1.Жеке кәсіпкер ретінде оңайлатылған тіркеу;
2.Салық режимін таңдау немесе өзгерту;
3. Чек қалыптастыру;
4.Кірістер тізілімін автоматты түрде қалыптастыру;
5.Салық міндеттемелерін автоматты түрде есептеу, есептің өзін ұсынбай патент құнын есептеу бойынша салықтарды төлеуді жүргізу;
6.Есептелінген салықтар мен әлеуметтік төлемдерге сәйкес жеңілдетілген декларацияны алдын ала толтыру;
7.Хабарламаларды алу;
8.Жеке кәсіпкер қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату.
Тегін мобильді қосымшаны App Store, App Gallery, Play Market-тен жүктеуге болады.
«Е-Salyq Business» мобильді қосымшасын пайдаланыңыз және салық міндеттемелеріңізді орындауды жеңілдетіңіз.