Жарияланған күні: 14.07.2022 10:05
Өзгертілген күні: 14.07.2022 10:07

«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының артықшылықтары

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге 01.01.2022 жылдан бастап «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы іске қосылғанын хабарлайды.

Әзірлеудің негізгі мақсаты Мемлекет басшысының жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету қажеттілігі туралы тапсырмасын іске асыру болып табылады.

«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының функционалы:

1. Жеке кәсіпкер ретінде оңайлатылған тіркеу;

2. Салық режимін таңдау немесе өзгерту;

3. Чек қалыптастыру;

4. Кірістер тізілімін автоматты түрде қалыптастыру;

5. Салық міндеттемелерін автоматты түрде есептеу, есептің өзін ұсынбай патент құнын есептеу бойынша салықтарды төлеуді жүргізу;

6. Есептелінген салықтар мен әлеуметтік төлемдерге сәйкес жеңілдетілген декларацияны алдын ала толтыру;

7. Хабарламаларды алу;

8. Жеке кәсіпкер қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату.

Тегін мобильді қосымшаны App Store, App Gallery, Play Market-тен жүктеуге болады.

«E-Salyq Business» мобильді қосымшасын қолдана отыра салықтық міндеттемелеріңізді жеңілдетіңіз.