
Бөлшек салық: бекітілген қызмет түрлері
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы №30 қаулысымен бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану үшін қызмет түрлері айқындалды.
Қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Тізбеге ЭҚЖЖ 114 коды енгізілді.
Бөлшек салықтың АСР-ін салық төлеушілер, егер олар:
ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып танылады;
осы режимді қолдану мақсатында ҚР Үкіметі айқындаған қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асырады.
Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, бөлшек салықтың АСР КТС немесе ЖТС есептеудің ерекше тәртібін көздейді.
Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, КТС немесе ЖТС есептеуді салық төлеуші есепті салық кезеңі үшін салық салу объектісіне 3% мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргізеді. АСР қолданатын салық төлеушілер ҚҚС және әлеуметтік салықты төлеушілер болып табылмайды.