
Бірыңғай жиынтық төлемнің артықшылығы
Бірыңғай жиынтық төлем режимі (БЖТ) формалды емес жұмыспен қамтылғандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді.
БЖТ табыс табу үшін формалды емес кәсібін жүргізіп отырған жеке тұлғаларға, жалдамалы жұмыс күшін пайдаланбай дара айналысатын, қызмет көрсететін басқа жеке тұлғаларға, қосалқы шаруашылығын жүргізіп отырғандарға , үй жұмыскерлеріне арналған.
БЖТ төлеушілерге мынандай мүмкіндіктер жасалған:
Бірінші: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу және медициналық қызметке қол жетімділік, МӘМС медициналық мекемесін таңдау құқығымен.
Екінші: Зейнетақы жүйесінде еңбек өтілін жинап, базалық және жинақталған компоненттер есебінен үлкен көлемде зейнетақы алатын болады.Бұл орайда БЖТ төлеушілердің базалық зейнетақы көлемі еңбек өтіліне қарай есептеледі.
Үшінші: Еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда, жүктілік және бала туғанда, бала асырап алғанда немесе 1 жасқа дейін бала күтімінде отырғандарға Әлеуметтік сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік туады.
Тағы бір артықшылығы, өзінің кіріс көзін көрсете алудың арқасында азаматтардың несие төлеу мүмкіндігі артады. Яғни енді сіз жүйелі жарна төлей отырып, ресми түрде банктен несие ала аласыз.
БЖТ төлеу өз еркімен, қалауымен жүзеге асырылады. Бұл жүйеге қатысу, қатыспау құқығы азаматтың өз шешіміне байланысты болады. Бұл орайда бірыңғай жиынтық төлемді төлемегені үшін қандай да бір жауапкершілікке тарту шарасы қарастырылмаған.
БЖТ мөлшері қала тұрғындары үшін- 1 АЕК, ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК құрайды(тұрғылықты жерінде тіркелуіне сәйкес).
БТЖ төлеуші салықтық органдарына есеп бермейді.
БТЖ үлесі мынандай:
-10% - жеке табыс салығы;
-20 % - әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар;
-30 % - Бірыңғайжинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы
-40 % - міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар;
Абай ауданы бойынша МКБ