Бірыңғай жиынтық төлем режимі формалдыемес жұмыспен қамтылғандарға жеке кәсіпкерретінде тіркелмей-ақ кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді.
БЖТ табыс табу үшін формалдыемес кәсібін жүргізіп отырған жеке тұлғаларға, жалдамалы жұмыс күшінпайдаланбай дара айналысатын, қызмет көрсететін басқа жеке тұлғаларға, қосалқыш аруашылығын жүргізіп отырғандарға ,үй жұмыскерлеріне арналған.
БЖТ төлеушілерге мынандай мүмкіндіктер жасалған:
Бірінші:міндетті медициналық сақтандыру аясында барлық медициналық қызметтүрлеріне қол жеткізеалады. Медициналық ұйымдытаңдау құқыболады.
Екінші:Зейнетақы жүйесінде еңбек өтілінжинап, базалық және жинақталған компоненттер есебіне нүл кенкөлемде зейнетақы алатын болады.Бұл орайда БЖТ төлеушілердің базалық зейнетақы көлемі ең бекөтіліне қарай есептеледі.
Үшінші:Еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда, асыраушысын анайырылған жағдайда, жүктілік және бала туғанда, бала асырапалғанда немесе жасқадейін бала күтімінде отырғандарға Әлеуметтік сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдеріналуға мүмкіндік туады.
Тағы бір артықшылығы,өзінің кіріс көзінкөрсетеалудың арқасында азаматтардың несие төлеу мүмкіндігі артады. Яғни енді сіз жүйелі жарнатөлейотырып, ресмитүрде банктеннесие ала аласыз.
БЖТ төлеуөзеркімен, қалауымен жүзеге асырылады. Бұл жүйегеқатысу, қатыспау құқығы азаматтың өз шешімінебайланысты болады. Бұл орайда бірыңғай жиынтық төлемді төлемегені үшін қандай да бір жауапкершілікке тартушарасы қарастырылмаған.
БЖТ-ң (Бірыңғай жинақтаушы төлемінің) мөлшері қала тұрғындарыүшін- 1 АЕК (2525 теңге), ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК құрайды(тұрғылықты жерінде тіркелуіне сәйкес).
БТЖ төлеуші салықтық органдарына есепбермейді.
БТЖ үлесімынандай:
-10% - жеке табыссалығы;
-20 % - әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар;
-30 % - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы
- 40 % - міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар;
Шет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы