Жарияланған күні: 27.02.2020 09:42
Өзгертілген күні: 27.02.2020 09:45

Осы баптың мақсаттары үшін банкроттың кәсіпорны деп кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, шикiзатты, өнiмдерді, жер учаскесiне құқықты, талап ету құқықтарын, борыштарды, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтарды (фирмалық атау, тауар белгiлерi) және басқа да айрықша құқықтарды қоса алғанда, мүліктің барлық түрлерін қамтитын мүліктік кешен ұғынылады.

Кәсіпорынды сату тікелей сату жолымен жүзеге асырылады, банкроттықты басқарушы сатып алушымен жасасатын кәсіпорынды сатып алу-сату шартымен ресімделеді, кезінде сатып алушы кәсіпорынды сатып алу-сату шартына сәйкес шартқа қол қойылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде төлемді жүзеге асыруға тиіс.

Төлем жүргізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде банкроттықты басқарушы әкімшілік шығыстар сметасына сәйкес банкроттық рәсімін жүргізу барысында жұмсалған әкімшілік шығыстар сомасын шегеріп, сатудан түскен ақша қаражатын мүліктің меншік иесіне немесе құрылтайшыға (қатысушыға) табыс етуге міндетті.

Банкроттықты басқарушының кәсiпорынды беруi және оны сатып алушының қабылдауы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптар қол қоятын және ресімделетін өткізу актiсi бойынша жүзеге асырылады.

Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн банкроттықты басқарушы сотқа өз қызметi туралы кредиторлар жиналысымен келісілген қорытынды есептi ұсынады.

Банкроттың кәсіпорнын сату кезінде сот қорытынды есепті бекітеді.

Борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қолдана отырып оны тарату туралы шешiмнің күшін шешімді шығарған сот жоюға тиіс.

 

Замзагуль Казаканова

оңалту және банкроттық

бөлімінің бас маманы