
Салық заңнамасына енгізілген 2018 жылғы түзетулер ақша қаражаттарын фискализациялаумен жұмыс істеудің негізгі талабына септігін тигізді.
Егер кәсіпкер ақшаны тек есепшотқа қаражат салуға ғана емес, сонымен қатар тауарларға, қызметтерге қолма-қол ақшамен және (немесе) пластикалық картамен төлемді қабылдайтын болса, онда міндетті түрде бақылау-кассалық машиналары болуы керек.
Существует два вида кассовых машин:
Кассалық аппараттың екі түрі бар:
- Әдеттегі бақылау-кассалық машиналары
- Тіркеу және (немесе) деректерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналары
Айырмашылығы неде?
Барлық кәсіпкерлер соңғы уақытқа дейін пайдаланатын бақылау-кассалық машиналары, фискальды жадымен жабдықталған, ол ауысым ішінде алынған барлық шоттардың сомасын көрсетеді.Осындай мағлұматтарды кәсіпкер қолма-қол ақшаны тіркеу кітабында және кассалық кітапта кірісті көрсетеді.Тексеру кезінде фискалдық жадыдағы мәліметтер алынады және кассалық кітапқа жазылған көрсеткіштермен салыстырылады. Мәліметтер сәйкес келген жағдайда, кәсіпкерге тексерістер органдары тарапынан сұрақтар туындамайды.
Жуырда енгізілген бақылау-кассалық машиналары басқа негізде жұмыс істейді. Олар, ұялы телефондар секілді, өздерінің құрылысында таратушы құрылғы, модем бар. Осы модемнің көмегімен әр таңбаланған чек туралы барлық ақпарат дереу фискалды мәліметтер операторының серверіне жіберіледі, онда ол аудитормен тексерілуі мүмкін. Осындай аппараттар тіркеу және (немесе) деректерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналары деп аталады.
Әртүрлі отынды (бензин, дизель) және алкоголь сатушылары 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап тіркеу және мәліметтерді беру функциясы бар кассалық машиналар орнатқан болатын. Ал, сұлулық салондары мен шаштараздар, қонақ үйлер мен мейрамханалар 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркеу және (немесе) мәліметтерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарының артықшылықтарын бағалай алды.
Сондай-ақ, заңнама тіркеу және (немесе) мәліметтерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарымен ағаш, құрылыс материалдары мен санитарлық-техникалық жабдықтары, металл бұйымдары, су және жылыту жабдықтары және құрал-саймандар саудасымен айналысатын кәсіпкерлерді қамтамасыз етуге міндеттеді.
Компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық жасақтама, дыбыс және бейне жабдықтары мен электр аспаптарының жекелеген саудасы да кіреді.
Сондай-ақ, жиһазбен және басқа да тұрмыстық заттардың жекелеген саудасымен айналысатынкәсіпкерлер де шетте қалмады.
Тізім сондай-ақ азық-түлік жеткізу және фильмдерді көрсету қызметтерімен толықтырылды.
Бүгінгі таңда тіркеу және (немесе) мәліметтерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарымен есеп айырысумен айналысатын тізім ӨЗГЕРГЕН ЖОҚ.
Егер сіз қолма-қол ақшалай төлемдерді қабылдайтын кәсіпкер болсаңыз, онда бақылау-кассалық машиналарын пайдаланған кезде есіңізде болсын:
1. Бақылау-кассалық машиналарын қолма-қол есеп айырысуға байланысты жұмысқа дейін пайдалану орны бойынша есепке тұрғызу жүргізіледі. Үлгісі мемлекеттік тізілімге енгізілген, ақаусыз бақылау-кассалық машиналары ғана тіркеуге тұрғызылады.
2. Бақылау-кассалық машиналарының чегі немесе тауар чегін беру (электр қуаты болмаған немесе бақылау-кассалық аппараты бұзылған жағдайда) сатып алушыға тауарларға, жұмыстарға, көрсетілген қызметке төленген сомаға беріледі.
3. Қолма қол ақшаны тіркеу кітабы толтырылады
4. Ауысымның соңында «ауысымның аяқталуы» процедурасы БКМ моделінің өндірушілерінің талаптарына сәйкес ауысым есебін (Z-есеп) шешу арқылы жүзеге асырылады. Бақылау-кассалық машиналары үшін ауысымуақыты жиырма төрт сағаттан аспауы керек.
Жалпыға ортақ телекоммуникация желісі жоқ жерлерде мәліметтерді беру функциясы жоқ бақылау-кассалық машиналар салық органдарында тіркелуі керек.
Мұндай әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер туралы ақпарат ҚР ҚМ МКК-нің интернет-ресурсында орналастырылады.
Кәсіпкерлерді болашақта не күтуде?
Базардағы киоскілер, шатырлар мен науалар арқылы сатылатын және оңайлатылған тәртіпте жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер 2019 жылдан бастап БКМ -ды қолдануға міндетті.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап БКМ есептік төлемдерде қолдбауға тек қана:
1) жеке тұлғалар;
2) адвокаттар мен медиаторлар;
3) қалалық қоғамдық көлікте билеттерді беру арқылы халыққа қызмет көрсету
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
5) Екінші деңгейдегі банктер.
Таким образом, в скором будущем почти все будут применять ККМ не зависимо от вида деятельности и режима налогообложения.
Солай, жақын арада кәсіптің түрі мен салық режиміне қарамастан, барлығы дерлік БКМ-ын қолданатын болады.
Балқаш қ. бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы