Жарияланған күні: 04.03.2019 17:05
Өзгертілген күні: 04.03.2019 17:06

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Республиканың облыс, аймақтарында барлық кеден рәсімдері бойынша «АСТАНА-1» электрондық декларациялау ақпараттық жүйесі толығымен жұмыс істей бастады.

Электрондық декларациялау жүйесі кедендік рәсімдеудің үрдістерін жеңілдетіп, кедендік операцияларға жұмсалатын уақытты қысқартты, сондай-ақ кедендік декларацияны тапсыру үшін кедендік бекетке келудің қажеті жоқ, бұның барлығы интернет-портал арқылы құжаттарды ұсынусыз жүзеге асырылады.

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде осы жылдың 01 қаңтардан бастап 24 ақпанға дейін 2597 тауар декларациясы рәсімделді  (ЭК-10 – 1229, ИМ-40 – 1216, баска- 152). Орташа рәсімдеу уақыты - 1 минут.

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінің артықшылығы СЭҚ-қа қатысушылар мен кеден органдарының тікелей байланысын барынша азайтып, сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне әсер ететінін атап өту керек.

 

Кедендік бақылау басқармасы