Жарияланған күні: 22.07.2024 16:38
Өзгертілген күні: 22.07.2024 16:39

Мәселен, арнайы мобильдік қосымшаны (бұдан әрі - АСР пайдалана отырып, АМҚ) пайдалана отырып, арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер енді АСР пайдалана отырып, АМҚ бойынша қызметке жатпайтын кірістер алынған жағдайда екінші арнайы салық режимін қолдануға құқылы.

Сондай-ақ, ҚР Әлеуметтік кодексінде айқындалған интернет-платформа операторын АСР пайдалана отырып, АМҚ қолданатын дара кәсіпкерлер үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуды және аударуды жүргізетін салық агенті деп танылатыны нақтыланады. 

Түзетулер 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қарағанды облысы бойынша

                                                                    Мемлекеттік кірістер Департаменті