Жарияланған күні: 10.10.2025 08:41
Өзгертілген күні: 10.10.2025 08:42

Арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру және арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тауарларды әкетуге рұқсаттарды беру қағидасы

                Сарыарқа арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі-АЭА) ҚР Президентінің 2011 жылғы 24 қарашадағы "Сарыарқа арнайы экономикалық аймағын ұйымдастыру туралы" Жарлығымен құрылды және 2036 жылғы 1 желтоқсанға дейін жұмыс істейді.

                АЭА аумағына тауарларды әкелу және әкету тәртібі 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексімен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 247 бұйрығымен бекітілген.

                АЭА аумағына тауарларды әкелу мемлекеттік кірістер органына (бұдан әрі – МКО) АЭА аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру жолымен жүзеге асырылады. Хабарлауды уәкілетті тұлғалар: тасымалдаушы, АЭА қатысушысы, басқарушы компания, АЭА аумағында қосалқы қызметті жүзеге асыратын өзге тұлға жүргізеді. Хабарламаға көліктік, коммерциялық, және (немесе) өзге де кедендік құжаттар қоса беріледі.

                Әкетуге рұқсат; тасымалдаушыға, АЭА қатысушысыға, басқарушы компанияға, АЭА аумағында қосалқы қызметті жүзеге асыратын өзге тұлға беріледі. Әкетуге рұқсат алу үшін уәкілетті тұлғалармен МКО әкетілетін тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда кедендік рәсіммен орналастырылғанын растайтын құжаттар ұсынады.

                АЭА аумағына тауарларды әкелу туралы шешімді және АЭА аумағынан тауарларды әкетуге рұқсат беруді МКО лауазымды тұлғасымен құжаттарға және мәліметтерге қатысты кедендік бақылауды жүргізгеннен кейін дереу жүзеге асырады.

                Барлық хабарламалар мен рұқсаттамлар арнайы тіркеу журналдарына жазылады. Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалары уәкілетті тұлғаға қайтарылады, берілген құжаттардың көшірмелері МКО-да қалады және сақталады.