Жарияланған күні: 05.03.2022 15:44
Өзгертілген күні: 05.03.2022 15:32

Арнаулы мобильді қосымшаны («е-SalyqBusiness») пайдаланумен арнаулы салық режимін енгізу

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланумен арнаулы салық режимі енгізілді («E-Salyq Business»).

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 686-2-бабына сәйкес арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланумен арнаулы салық режимін жеке кәсіпкер Салық кодексінің 683-бабында шағын бизнес субъектілері үшін белгіленген шарттарға сәйкес келуден бөлек:

1) жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2) қызметін өзіндік кәсіпкерлік нысанында жүзеге асыратын;

3) мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:

сылақ жұмыстарын;

      ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын;

      еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;

      бояу және шынылау жұмыстарын;

      такси қызметін;

      автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;

      сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;

      фотография саласындағы қызметті;

      аударма (ауызша және жазбаша) ісін;

      мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;

      көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;

      ойын-сауық және спорттық мүкәммалды прокаттауды және мүліктік жалдауды (жалға беруді);

      бейнежазбалар мен дискілерді прокаттауды;

      өзге де жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокаттауды және мүліктік жалдауды (жалға беруді);

      ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;

      есептеуіш техниканы қоса алғанда, офис машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;

      спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;

      мәдениет саласында көрсетілетін білім беру қызметтерін;

      өзге де білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;

      қосалқы білім беру қызметтерін;

      өнер саласындағы қызметті;

      компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;

      коммуникациялық жабдықты жөндеуді;

      жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;

      шаштараз қызметтерін;

      маникюрді және педикюрді;

      ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді;

      жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;

      музыкалық аспаптар жасауды және жөндеуді;

      үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын;

       4) Салық кодексінің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын дара кәсіпкерлер арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдануға құқылы.

      Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимі таңдалған күн арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану басталған күн деп есептеледі.

Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимінен басқа арнаулы салық режимдеріне немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауысқан кезде қолданылатын салық салу режимі туралы тиісті хабарлама ұсынылған айдың соңғы күні режимнің аяқталған күні болып табылады.

Жана арнаулы салық режимі енгізілуіне байланысты, салық кодексінің 67, 79, 115, 166, 190, 213, 482, 678, 679, 680, 681, 683, 684, 2-1 тарауы ,686-1,686-2,686-3 баптарына өзгерістер енгізілді (2022 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді).

Аталған ережелерге сәйкес мобильді қосымша жеке кәсіпкерлердің салықтық міндеттемелерін орындауын жеңілдетуін қамтамасыз ету тиіс. Осылайша, мобильді қосымшаны пайдалану арқылы жеке кәсіпкер ретінде қарапайым онлайн тіркелу, салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, көрсетілген арнаулы салық режимін қолданатын тұлғалар үшін СЕН ұсынуды алып тастау қарастырылады.