
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерден алкоголь өніміне акциз ставкасын қолдануға қатысты өтініштердің жиеленуіне байланысты, келесіні хабарлайды.
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес толысылған шараптан (шарап материалдарынан) өндiрiлген, этил спиртiнiң көлемдiк үлесi жиырма екi пайыздан аспайтын алкоголь өнiмi шарап болып табылады.
«Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасын және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін бекіту туралы» Еуразиялық экономикалық комиссияның 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің 22 тобына сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН 2205 кодына «Вермут және өсімдік немесе хош иісті заттар қосылған басқа да табиғи жүзім шараптары» позициясының атауы, ал ЕАЭО СЭҚ ТН 2206 00 кодына - «Басқа ашытылған сусындар (мысалы, сидр, алмұрт сидрі, бал сусыны, сакэ); басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген ашытылған сусындардан жасалған қоспалары және ашытылған сусындар мен алкогольсіз сусындардың қоспалары» жатады.
Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағының сәйкес алкоголь өніміне акциздің ставкасы ЕАЭО СЭҚ ТН коды бойынша 2205, 2206 00 және 2208-ден 2550 теңге/литр 100 % спирт мөлшерінде.
Осылайша, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап алкоголь өнімін ЕАЭО СЭҚ ТН 2205, 2206 коды бойынша өткізу кезінде 100% спирттің 2550 теңге/литр мөлшерінде 100 % спирт акциз мөлшерлемесі жатады.
Сонымен бірге, акцизделетін тауарлар импортын жүзеге асыру кезінде акциз сомасы нақтылануға жатады және акцизделетін тауарлар импорты күніне қолданыста болатын акциз ставкасы қолданылады (Салық кодексінің 479-бабының 2-тармағы).