Жарияланған күні: 07.08.2020 21:50
Өзгертілген күні: 07.08.2020 21:51

Мемлекеттің әлеуметтік төлемдері, оңайлатылған декларацияда және патент құнын есептеуде, салықтық есепте көрсетілмейді.

Салық кодексінің 681 бабаның 2 тармағына сәйкес, бұндай төлемдер кәсіпкерлікті жүргізуден түскен кірістер деп есептелмейді. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер салық салудың жалпы тәртібін қолдану кезінде де, жеке тұлғаларға сияқты, әлеуметтік төлем кіріс деп есептелмейді.

 

Әлеуметтік төлем сомалары, Салық кодексінің 341 б. 26 т. сәйкес, салық салынатын жеке тұлға кірістері деп қарастырылмайды.
 

42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді салықтық есепте көрсетудің қажеті жоқ.
 

Шектеу шараларын енгізу кезінде табысын жоғалтқандарға көрсетілетін бір реттік әлеуметтік көмекті іске асыру ережелеріне сай, бұл төлем, төтенше жағдай кезінде сияқты, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.
 

МӘСҚ қорынан жеке кәсіпкерге төленген әлеуметтік төлем салықтық есепте кіріс болып көрсетілмейді және жеке тұлғаның табысы ретінде салық салынбайды.