Жарияланған күні: 12.12.2019 09:16
Өзгертілген күні: 12.12.2019 09:17

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап тасымалдаушы жеткізетін, сондай-ақ халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік баждар, салықтар төленбей Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін шегіндегі жаңа нормалар күшіне енеді. 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 Еуразиялық экономикалық комиссиясының Одағының Шешімінің 1 қосымшаға сәйкес құндық және сандық нормалары бір жеке тұлғаның мекенжайына күнтізбелік 1 айдың кезеңінде 200 еуроны және (немесе) салмағы – 31 килограмды құрайтын болады.