Жарияланған күні: 27.02.2019 09:06
Өзгертілген күні: 27.02.2019 09:07

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жалпылау декларациясына көшу жоспарлануда. Жалпылау декларациясына көшудің мақсаты жемқорлық көріністері мен көлеңкелі экономикамен күресу үшін жеке тұлғалардың мүлкі мен кірісін бақылаудың тиімді жүйесін құру болып табылады.

2020 жылдан бастап декларациялауға жататындар:

Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және тұруға құқығы бар тұлғалар;

Кәмелетке толмаған тұлғалар – олардан алынатын кіріс және атына тіркелген мүліктің болуы кезінде;

шетелдіктер – Қазақстан аумағына мүлкі немесе кіріс алынатын қазақстандық өздігінен алынатын табыс көзі (төлем көзінен емес) болған жағдайда. Декларациялау жүйесіне кіру кезінде жеке тұлғалар активтері және міндеттері туралы алғашқы декларация тапсырады.          Ол декларацияда келесі мәліметтер көрінеді:

- мүлік (ақша, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік, жер телімдері, көлік құралдары, тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі және басқалары),

- талаптар және жеке тұлғаның міндеті, қаржы құралдарының болуы, банктік мәліметтер (салымдар, несиелер) жеке тұлғалар тек шетелдік банктер бойынша өздігінен декларацияланады.

Салымдары мен несиелері туралы ақпарат мемлекеттік кірістер органдарына  банктен берілетіндіктен қазақстандық банктерде толтырылмайды. Жеке тұлғаның қалауына байланысты басқа да мәдени құндылықтар түріндегі, өндірістік өнер, антиквариат, құжаты болған жағдайда биологиялық активтер және құндылықтар, меншік құқығын бекітетін немесе осындай мүліктің құнын көрсетуге құқығы бар. Келесі жылынан бастап жыл сайын 2 формада көрсетілген, мүлік және кіріс туралы декларация (жыл сайын) ұсынылатын болады:

а) кеңейтілген (270.00 форма) мүлік және кіріс туралы формада жылдық табысы, салық есептеулері, мүлікті алу (қайтарусыз алу) және қайтару (қайтарусыз беру) фактісі мүлік және кіріс туралы декларациясы, көлігі, бағалы қағаздары, қатысудағы үлестері, инвестициялық алтыны, өндірістік қаржылық құжаттары көрсетіледі;  

б) мүлік және кіріс туралы қысқартылған (260.00 форма) декларацияны зейнеткерлер, студенттер, жалдамалы қызметкерлер тапсырады.

 

                                                                             Осакаров ауданы бойынша МКБ