Жарияланған күні: 02.07.2019 14:51
Өзгертілген күні: 02.07.2019 15:03

Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2020 жылдан бастап патент негізіндегі арнайы салық режимін келесі іс-әрекет түрлерін жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер қолдануға құқылы екенін хабарлайды:

      сылақ жұмыстарын;

      ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын;

      еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;

      бояу және шынылау жұмыстарын;

      такси қызметін;

      автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;

      сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;

      фотография саласындағы қызметті;

      аударма (ауызша және жазбаша) ісін;

      мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

      көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

      ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

      бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді;

      басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

      ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

      есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

      спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;

      мәдениет саласындағы білім берудің көрсетілетін қызметтерін;

      басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;

      қосалқы білім беру қызметтерін;

      өнер саласындағы қызметті;

компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;

      коммуникациялық жабдықты жөндеуді;

      жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;

      шаштараз қызметтерін;

      маникюрді және педикюрді;

      ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді;

      жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

     тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;

      музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді;

      үй жануарларын бағуды

             Бұл  дегеніміз, жоғарыда көрсетілген Тізбеде жоқ іс-әрекетпен айналысатын жеке кәсіпкерлер келесі салық салу режимдерінің бірін таңдауы қажет:

оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі;

тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі;

жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті.

          Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін немесе оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсыру қажет.

         Егер 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсырмаған жағдайда, жеке кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салу тәртібіне ауысуға жатады.

            Сонымен бірге , бюджетпен патент арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бақылау-касса машиналарын қолданудан босатылу күшін жояды.  Яғни, патент негізіндегі арнайы салық режимін қолданатын барлық кәсіпкерлер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бақылау касса машиналарын қолдануға міндетті.

                                                        Ақтоғай ауданы бойынша МКБ