
Қарағанды облысы бойынша МКД 2018 жылдың 23 желтоқсанынан бастап салық төлеушілер ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының қызмет түрлерін қолдану туралы Қаржы министрінің бұйрығы күшіне енгенін ұқсайды.
2019 жылы онлайн бақылау касса аппаратарын пайдалануға толық көшу аяқталады.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқсан сайын онлайн бақылау кассаларын орнатуға тиіс салық қызметтерінің түрлері кеңейтілді. Барлығы 633 қызмет түрі бар, олар төмендегі кезеңмен онлайн бақылау кассаларын орнатуға тиіс:
2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 323 қызмет түрі;
2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 86 қызмет түрі;
2019 жылдың 1 қазанынан бастап 224 қызмет түрі өтеді.
Онлайн-БКМ қолдану бойынша талап, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
Сонымен қатар Қаржы министрінің бұйрығы тек салық төлеуші онлайн-БКМ қолдануға міндетті қызмет түрін ғана айқындайды.
Салық кодексінің 166-бабына сәйкес БКМ қолдану тәртібі реттелген.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 166 бабының 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледі.
Ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын қолданудан босатылатындар:
1) жеке тұлғалар;
2) адвокаттар мен медиаторлар;
3) жеке кәсіпкерлер (акцизделетін тауарларды сатудан басқа) қызметін жүзеге асыратын:
- патент бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін; (яғни 2020 жылға дейін бақылау касса аппаратынсыз жұмыс жасайды, 1 қаңтар 2020 жылдан бастап онлайн бақылау-касса аппараттарын орнатуға тиіс)
- бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін; (яғни шаруа қожалықтар 2020 жылға дейін бақылау касса аппаратынсыз жұмыс жасайды, 1 қаңтар 2020 жылдан бастап онлайн бақылау-касса аппараттарын орнатуға тиіс)
4) билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;
6) екінші деңгейдегі банктер.