Жарияланған күні: 09.07.2019 15:53
Өзгертілген күні: 09.07.2019 15:55

2019 жылғы 19 маусымынан бастап «АСТАНА-1» АЖ электронды-цифрлы қолтаңбасы арқылы барлық қолданушыларға авторизациялау рәсімі қосылатынын хабарлайды:

  1. мемлекеттік кіріс органдарының қызметкерлеріне, соның ішінде әкімшілендірушілерді қоса алғанда;
  2. декларанттар және кеден ісі саласында қызметін жүзеге асырушы тұлғалар, уәкілетті экономикалық операторларға және т.б.;
  3.  мемлекеттік бақылаудың өзге түрлерінің қызметкерлері (ветеринариялық, фитосанитариялық, санитариялық-карантиндық бақылау).