Жарияланған күні: 08.11.2018 10:27
Өзгертілген күні: 08.11.2018 10:27

Нұра ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, жеке сот орындаушыларымен бірге салық қарыздарын жинау бойынша шаралар жүрілуде. 2018 жылдың 1 қаңтар айынан бастап, салық қарыздарын мәжбүрлеп өндіріп алу тәртібі өзгерді. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚР Заңының 128-бабының 1.2-тармағына сәйкес «... жеке тұлғаның бір еселік айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде салық берешегін төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда, жеке тұлғалардың салық берешегінің хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткеннен кейін салық органы жеке тұлғаның берешегін өтеу туралы салық бұйрығын шығарады, салық бұйрығын табыс еткеннен кейін жеке сот орындаушыға табыстайды.  

Егер жеке тұлға салық берешегін төлемесе, салық органы мәжбүрлер өндіріп алу бойынша орындаушы органдарға  салық бұйрығын жібереді.