Date of publication: 27.01.2022 14:18
Date of changing: 27.01.2022 14:32

Пилоттық ТІЖ ресімдеу жөніндегі өзгерістер

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 01.11.2021 жылғы № 1127 бұйрығына, оның ішінде «электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулі арқылы электрондық шот – фактуралар жазып берілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ЭШФ АЖ ӘК модулі арқылы жазылатын тауарлардың тізбесі 2022 жылғы 1 қарашадан бастап құрылыс материалдарына кеңейтілді.

Сонымен қатар, «тауарларға ілеспе жүкқұжаттар мен олардың құжат айналымын ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Бұл ретте, ЭШФ жазып беру ӘК модулі арқылы жүргізілетін Тізбеге енгізілген СЭҚ ТН кодтары бар құрылыс материалдары бойынша ТІЖ ресімдеу жөніндегі пилот 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап іске қосылатын болады.