Date of publication: 29.10.2021 15:41
Date of changing: 29.10.2021 15:52

ҮИЖ қолданудың артықшылықтары

            Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе (ҮИЖ) – бұл деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрамдасын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе.

Оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын кәсіпкерлер үшін ҮИЖ қолданудың артықшылықтары:

1. Салық кезеңіндегі, яғни жартыжылдықтағы кіріс шегі 24 038 АЕК-тен (66,8 млн. теңге) 94 086 АЕК-ке (261,4 млн. теңге)дейін ұлғайтылды;

2. 2021 жылы ҚҚС бойынша шек 30 000 АЕК-тен 144 184 АЕК-ке дейін ұлғайтылды, яғни 83,3 млн.теңгеден 400,5 млн. теңгеге дейін (2022 жылы 134 184 АЕК-ке дейін).

Алайда, бұл ұлғаю ҮИЖ-ді пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз нысанда (яғни банк карточкалары арқылы сатып алушылармен есеп айырысу) жүргізілетін айналымдарға ғана қолданылатынын ескеру қажет.

ҮИЖ-де салықтық есепке алу модулі бар, онда тауарлардың қозғалысы және салық есептілігін, оның ішінде жалдамалы қызметкерлердің жалақысы бойынша қалыптастыруға мүмкіндік беретін элементтер көрсетіледі.

ҮИЖ жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін есепке алуы мен орындауын жеңілдетуге арналған.

ҮИЖ пайдалану үшін не қажет?

Бірінші – сілтеме бойынша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі-МКК) сайтына кіру http://kgd.gov.kz/ru/content/edinyy-reestr-trehkomponentnyh-integrirovannyh-sistem-1 және ҮИЖ моделін таңдаңыз.

Екіншісі - оны орнату үшін ҮИЖ әзірлеушісімен байланысыңыз.

Үшіншісі - салық төлеушінің кабинетіне кіріп, ҮИЖ-ді Мемлекеттік кірістер органдарында тіркеуді жүргізу (сүреттеме).

ҮИЖ 2020 жылдан бастап қолданыстағы жүйе болып табылады. Қазіргі уақытта ҮИЖ-дің 3 моделі ҮИЖ бірыңғай тізіліміне енгізілді, онымен МКК сайтында танысуға болады.

ҮИЖ-ге және оны есепке алуға қойылатын талаптар, ҮИЖ-ді орнату және қолдану қағидалары "Үш компонентті интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығымен бекітілген.

Жеңілдетілген декларация негізінде АСР қолданатын кәсіпкерлерді ҮИЖ қолдануға және оның артықшылықтарын пайдалануға шақырамыз.