
Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараларды өткізу аясында, азаматтардың мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне сенімін арттыру мақсатында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 15.10.2021 жылы қызметкерлердің Қарқаралы қаласына баруды ұйымдастырды. Департамент және Қарқаралы ауданы бойынша МКБ қызметкерлері жергілікті тарихи-мәдени мұражайға, Құнанбай қажы мешітіне, мәдениет ескерткіштеріне барып, Мемлекеттік тумен "Пионерлер шыңы" тауына шықты.
Орталық алаңда флешмоб ұйымдастырылды, онда іс-шараға қатысушылар мен жергілікті мектеп оқушылары еліміздің тәуелсіздігінің мерейтойлық күнін білдіретін "30" санын құрды.
Іс-шара салтанатты түрде автокөлік жүргізушілердің бағанды тізбектерімен және қолдарында Мемлекеттік туы бар шабандоздардың шеруімен аяқталды.