Date of publication: 07.10.2021 12:55
Date of changing: 07.10.2021 12:47

Онлайн брондау бойынша

Мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту, кезектерді азайту, сондай-ақ инфекцияның таралу қаупін азайту мақсатында салық төлеушілер үшін өзіне ыңғайлы уақытта салыққа бару уақытын алдын ала брондау мүмкіндігі іске асырылды.

Кезекке тапсырыс беруге болады:

* ҚР ҚМ МКК сайтында;

* "e-Salyq mobile"мобильді қосымшасында.

МКК сайтында брондау "Электрондық сервистер", "Бизнеске көмек", "Онлайн-брондау"тарауларында қолжетімді. Брондауға өтінім нысанында мыналарды көрсету қажет:

* ЖСН / БСН;

* аймақ;

* ҚР ҚМ аумақтық МКБ;

* қызметтің атауы;

* жоспарланған сапардың күні мен уақыты.

Кезекті "e-Salyq mobile" мобильді қосымшасы арқылы брондау кезінде "Электрондық сервистер" бөліміне өтіп, сондай-ақ ұқсас деректерді енгізу қажет.