Date of publication: 04.10.2021 12:08
Date of changing: 04.10.2021 12:00

Жер қойнауын пайдаланушылардың назарына!

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі-Салық кодексі) 744-бабына Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 10.12. № 382-VI Заңына сәйкес (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) өтелген қорлардың салық салынатын көлемін айқындау тәртібі бойынша өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік органы бекіткен кен орнын игерудің техникалық жобасында белгіленген нормаланатын ысыраптар шегіндегі салық кезеңі ішіндегі нақты ысыраптардың көлемін шегере отырып, минералдық шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың өтелген қорларының көлемі өтелген қорлардың салық салынатын көлемі болып табылады.

Ескі редакцияға сәйкес өтелген қорлардың салық салынатын көлемі салық кезеңінде нормаланатын ысыраптардың көлемін шегере отырып, минералдық шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың өтелген қорларының көлемі болып табылады. Нормаланатын ысыраптардың көлемі осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы бекіткен кен орнын игерудің техникалық жобасының негізінде белгіленеді.