
Ашық есік күні
«Қарағанды – кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің басшысы Жастілек Берікұлы Рыспеков кеңеске жиналған қатысушыларды құрметпен қарсы алып, ҚР ҚМ МКК 02.06.2016 жылғы шығ. № КГД-11-1-18-13627 хатына байланысты «Қарағанды – кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінде «ашық есік күні» өткізіліп отырғанын хабарлады.
СЭҚ қатысушылары тарапынан кедендік баждар мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету әдістері туралы сұрақтар қойылды. Сонымен бірге шығаруға дейінгі тауар декларациясына түзету жүргізу туралы сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтар бойынша кеден бекеті лауазымды тұлғаларынан толық жауап алынды.
Жиын соңында басшы кедендік рәсімдеу бойынша өзгерістер енгізіліп жатса хабарлайтынын айтып, уақыт бөліп келген СЭҚ қатысушыларына алғыс білдірді.