
Тауарларды сыныптау
Тауарларды сыныптау деп қарастырылатын тауарларды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша нақты тауарлық позицияларға, қосалқы позицияларға және кіші қосалқы позицияларға кезең-кезеңмен жатқызу түсініледі.
Тауарларды сыныптау мына негізгі өлшемшарттар:
1) тауар орындайтын функция;
2) тауар жасалған материал негізге алына отырып жүзеге асырылады.
Бұл ретте, тауарлардың өңделу дәрежесі ескеріле отырып, оларды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына түсініктеме берудің негізгі қағидаларын және бөлімдерге, топтарға ескертпелерді (оның ішінде тауарлық позицияларға, қосалқы позицияларға ескертпелерді), сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар сыныптау мәселелерін түсіндіретін қосымша ескертпелерді қолдану негізінде тауарлық кіші қосалқы позицияларға түбегейлі жатқызу қағидаты сақталады.
Декларант және өзге тұлғалар кедендік декларациялау кезінде және Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды мәлімделетін өзге де жағдайларда, тауарларды сыныптауды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жүзеге асырады.
Декларанттың және өзге де тұлғалардың СЭҚ ТН бойынша тауарларды сыныптауы дербес жүзеге асырылады.
Тауарларды сыныптаудың дұрыстығын тексеруді кеден органы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодекстің (бұдан ары-Кодекс) 47 және 48-тарауларында белгіленген тәртіппен жүргізілетін тауарларды шығарудан кейін кедендік бақылау жүргізу шеңберінде жүзеге асырады.
Кодекстің 41 – бабына сәйкес кеден органдары тауарлар кедендік декларацияланғанға дейін оларды сыныптауды тұлғалардың өтініші бойынша Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер (бұдан әрі – тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер) қабылдау жолымен жүзеге асыра алады.