
"Ашық есік Күні"
2016 жылғы 15 шілдеде Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің "Ұлытау" кеден бекетінде "Ашық есік Күні" іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға кеден өкілдері, СЭҚ қатысушылары, Жезқазған қаласының бизнес-бірлестіктері катысты.
Кездесу барысында «Ұлытау» к/б басшысы А.Сауқымов ашық есік күніне қатысушылармен амандасып, кеден өкілдерін, СЭҚ қатысушыларды қызықтырған сұрақтарын талқылауға ниет білдірді.
Бұдан әрі кездесу барысында кеден бекетінің қызметкерлері келесі өзекті тақырыптарды талқылады:
-уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттары туралы;
-уәкілетті экономикалық оператор куәлігін беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және кері қайтару туралы:
-уәкілетті экономикалық операторға берілетін арнайы оңайлатулар туралы:
Сонымен бірге, кеден өкілдері «Ұлытау» кеден бекетінің жұмысын заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы орындалатынын жақсы жағынан атап өтті.
Өткізілген "Ашық есік күнін" қорытындылай келе "Ұлытау" кеден бекетінің басшысы Сауқымов А.А. қатысушыларға және іс-шараларда танытылған белсенділігі үшін, диалогқа қатысушыларға алғысын білдіріп, "Ұлытау" к/б СЭҚ қатысушылармен бірге және Қарағанды облысы бойынша МКД кеден органдарымен алдағы уақытта да бірігіп жұмыс істеуге әзір екендігін айтты.