Date of publication: 08.07.2021 16:46
Date of changing: 08.07.2021 16:44

"Е-Salyq Azamat" мобильдік қосымшасы арқылы салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке алуды жүргізу

 

Е-салық азамат Мобильді қосымшасының ішіндегі ең маңызды функцияларының бірі - «Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке алу немесе қайтаруды жүргізу» мемлекеттік қызметін алу болып табылады.

«Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке алу  үшін «E Salyk Азамат» мобильдік салық қосымшасын іске қосып,  «салық әмияны» батырмасын басып, жүйеге кіріңіз.

Келесі де  «Артық төлемді пайдалану» бөліміне өтіп, салық әмиянында  бюджеттік сыныптама кодына төленген есепке алуға жататын артық немесе қате төленген төлемнің бірін таңдаңыз. Әрі қарай, төлем алушының түрін  - «есепке алу үшін» батырмасын таңдап,  есеп жүргізу үшін  мәліметтерін енгізуге  «басқа мәліметтерін таңдау» бөліміне өтіп , ашылған бетте міндетті түрде созылмалы тізімнен келесіні  енгізіңіз:

1)мемлекеттік кірістер органының кодын;

2) есепке жатқызылатын бюджеттік сыныптаманың кодын;

3) Артық  немесе қате төленген төлем түскен тиісті төлем мақсатының кодын.

Келесі де, «Жалғастыру» батырмасын басыңыз, мұнда төлемнің «қайдан» және «қайда» есепке жатқызылатыны туралы ақпарат көрсетіледі. «Қайда» өрісіндегі –сома көлемін қолмен енгізіп, содан кейін «растау» батырмасын басыңыз. Бірден қосымшаның басты беті ашылып, өтініштің сәтті жіберілгендігі туралы хабарлама көрсетіледі.

Сонымен қатар, «артық төлемдерді пайдалану» бөлімінің тарихында, сіз жіберген салықтық өтініштерді көруге болады.

Өтініш жүйеге келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады, осыған байланысты есепке алу немесе қайтару үшін салықтық өтініштерді электронды түрде «E Salyk Азамат» мобильдік салық қосымшасы, салықтөлеуші кабинетінен және электрондық үкімет порталынан жолдауды сұраймыз.