Date of publication: 02.07.2021 14:33
Date of changing: 02.07.2021 14:33

«Кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтық әкімшілендірудің жекелеген нормаларын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері» бекітілді

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2021 жылғы 18 маусымдағы №588 бұйрығымен «Кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтық әкімшілендірудің жекелеген нормаларын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері» бекітілді.

Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында мынадай кезеңде:

1) 2021 жылғы  1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін:

Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер үшін;

импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер үшін;

электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модуліне келіп түскен тауарлар осындай салық төлеушілерге өткізілген жағдайда, қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер үшін;

құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай мәміле жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің                1000 еселенген мөлшерінен асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелмеген резидент-заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелер мен орта білім беретін мемлекеттік ұйымдарды қоспағанда), қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар үшін;

2) 2021 жылғы 8 ақпаннан бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін:

бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдануға ауысу туралы хабарламаны табыс еткен салық төлеушілер үшін іске асырылады.

Мыналар:

1) кәсіпкерлік субъектілері;

2) мемлекеттік кірістер органдары пилоттық жобаның қатысушылары болып табылады.

Сондай – ақ, Салық кодексінің 412 баптың 1 тармағының 2), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер үшін:

- сатып алынған тауарды түпкілікті тұтыну мақсатында пайдаланылатын жеке тұлғаларға өткізу кезінде;

- ҚҚС төлеушілері болып табылмайтын - микрокәсіпкерлік субъектілері үшін жеке және заңды тұлғаларға өткізу кезінде шот-фактура жазып беру талап етілмейді.

Бұл ретте тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы шот-фактура жазып беруді талап еткен жағдайда, жеткізуші осындай талапты орындауға міндетті.

Бұдан басқа, Бұйрықпен бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану бөлігінде пилоттық жобаны іске асыру тәртібі қарастырылған.