Date of publication: 28.06.2021 16:58
Date of changing: 28.06.2021 17:00

Онлайн-БКМ қолданудың артықшылықтары

 

Бақылау-кассалық машиналардың (бұдан әрі – БКМ) мемлекеттік тізіліміне БКМ 250 моделі енгізілген, оның ішінде 96 модель онлайн-БКМ, оның ішінде 10 модель телефонда жұмыс істеу мүмкіндігіне ие (мобильді қосымшалар).

Сондай-ақ нарықта мобильдік қосымшалар мен веб-браузерлерде жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешендер (АӨК) және веб-кассалар түрінде онлайн-БКМ сатып алу бойынша баламалы шешімдер бар.

Бақылау-касса машиналарын салық органына есепке қою мынадай негіздердің бірі бойынша жүзеге асырылады:

1) фискалдық деректер операторының мәліметтерін-деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары бойынша;

2) деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті – бақылау-касса машиналары бойынша жүзеге асырады.

Бақылау-касса машиналарын есепке қою кезінде салық органы осы баптың 2-тармағында көзделген негіздердің бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін беруді және бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын қалыптастыруды жүргізеді.

Онлайн-БКМ қолданудың артықшылықтары:

Онлайн-БКМ қолданатын салық төлеушілер үшін:

- ақшалай есеп айырысу кітабын толтыру бойынша талап жойылды;

-онлайн-БКМ бұзылған жағдайда пломбаны ашуға салық органының рұқсатын алу үшін салық органына жүгінудің қажеті жоқ;

- фискалдық деректер операторының сайтындағы жеке кабинет арқылы кассаларды қашықтықтан бақылау мүмкіндігі бар;

- "БКМ есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызметі автоматтандырылды»;

Сатып алушылар үшін ФДО сайтында БКМ чегінің түпнұсқалығын тексеру мүмкіндігі бар.

Онлайн-БКМ енгізу салықтық әкімшілендіруді жақсартты, көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге және бюджетке салық түсімдерінің ұлғаюына ықпал етеді.