Date of publication: 21.06.2021 12:30
Date of changing: 21.06.2021 12:31

Салық төлеушілерге арналған жадынама

Жабық базарлар аумағында, сауда үйлерінде, дүкендерде, павильондарда көтерме және (немесе) бөлшек сауданы жүзеге асыратын кәсіпкерлер, сауда орнының жеке QR-кодын алу қажет.

Жеке QR кодты алу үшін:

1.     kgd.gov.kz Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитеті сайтына кіру

2.     «Ақпараттық қорлар» бөлімінде «QR-кодын қалыптастыру» батырмасын таңдап алу

3.     «Кодты алу» батырмасын басу

4.     СМС-жандандыру кодын алу үшін мобильдік нөмірді енгізу

5.     Өз ЖСН/БСН және БКМ зауыт нөмірін енгізу

6.     QR-кодты басып шығарып, БКМ орналасқан орындарда түрлі түсті форматта орналастыру қажет.

QR-код келесі ақпараттан тұрады:

- ЖСН/БСН;

- салық төлеушінің толық аты;

- салық төлеушінің орналасқан жерінің мекен жайы;

- алкогольдік ішімдіктерді өндіру аумағында сақтау және бөлшек саудада өткізуге байланысты қызметті қоспағанда, алкогольдік ішімдіктерді сақтау және бөлшек саудада сатуға арналған лицензияның болуы немесе болмауы;

- БКМ-ның тіркеу нөмірі;

- салық төлеушінің мәртебесі (белсенді, белсенді емес, қызметі тоқтатылған).

Егер салық төлеуші QR-кодты өз сауда объектісінде орналастырудан бас тартса, мемлекеттік кірістер органдары нормаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікті, яғни «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 288 бабын қолдануға құқылы.