Date of publication: 18.06.2021 11:10
Date of changing: 18.06.2021 11:06

Декларацияларды тапсыру бойынша электрондық сервистер бірнеше алаңдарда жүзеге асырылды

Азаматтарға салық декларацияларын тапсыру бойынша ыңғайлы болу үшін Азаматтарға арналған үкіметтің мемлекеттік корпорациясының инфрақұрылымын кеңейту бойынша шаралар қабылданды.

Сондай-ақ, бұл қызметтер қағаз тасығыштарда және онлайн-сервистер арқылы қолжетімді. Салық декларациясын қағаз жеткізгіште ХҚО-ға, Мемлекеттік кіріс органдарына не пошта бөлімшелері арқылы ұсынуға болады.

Декларацияны электронды форматта тапсыру үшін Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистері "Connection Point" өзіне-өзі қызмет көрсету секторымен жабдықталған.

Бұдан басқа, халыққа ыңғайлы болу үшін декларацияларды тапсыру бойынша электрондық сервистер: "Салық төлеушінің кабинеті", "Электрондық үкіметтің" веб-порталы және "Е-Salyq Azamat" мобильдік қосымшасы арқылы іске асырылды.

Осылайша,  азаматтар ЭЦҚ алуға онлайн өтінім бере алады, ал "Салық төлеушінің кабинетіне " смс-код арқылы ЭЦҚ-сыз кіруге болады. Осының барлығы жалпыға бірдей декларациялау кезеңінде жеке тұлғалардың салық декларацияларын қабылдауды уақтылы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.