
ЭШФ-мен «5» белгісін алып тастау мәселесі бойынша
Құрметті салық төлеушілер!
Салық төлеушілердің электрондық шот-фактураларды жазып беру кезінде "5" белгісін алып тастау мәселесі бойынша көптеген сұрауларына байланысты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті "5"белгісін алып тастау бөлігінде ЭШФ жазып беру қағидаларына ешқандай түзетуді қарамайтынын хабарлаймыз.
Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатынына және жария талқылау үшін уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылатынына сіздердің назарларыңызды аударамыз.