Date of publication: 21.05.2021 17:58
Date of changing: 21.05.2021 18:02

Резидент емес заңды тұлғаларды тіркеу

        

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) резидент емес заңды тұлғаларды тіркеуге қатысты келесіні хабарлайды.

Комитетпен ресми интернет – ресурс арқылы «Салық төлеуші ретінде тіркеу» салықтық өтінішін, атап айтқанда бейрезидент – заңды тұлғалардың (бұдан әрі – салықтық өтініш) беруіне мүмкіндік беретін функционал жүзеге асырылған www.kgd.gov.kz (бұдан әрі - интернет-ресурс).

         Салықтық өтініш беру үшін салық төлеушіге интернет – ресурста, сілтеме бойынша https://kgd.gov.kz/ru/nonresident/register тіркелу және «Резидент еместі тіркеуге өтінімдер журналы» мәзірі тармағын таңдау қажет.
         Мәзір тармағында өтініш берудің келесі себептеріне сілтемелер бар:
         - Салық төлеуші ретінде тіркелу;

- Куәлікті бермей тіркеу деректерін өзгерту және толықтыру;

- Куәлікті бере отырып, тіркеу деректерін өзгерту және толықтыру.

         Мазмұндалғанды ескере отырып, аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттері салықтық өтініштерді қабылдау бойынша тиісті жұмысты бастауы, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.