Date of publication: 02.02.2021 15:22
Date of changing: 02.02.2021 15:23

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі

 

            2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексі «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі» 77-1-тараумен толықтырылады. Осы ереже 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес, пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін бөлшек салықты АСР енгізу бөлігінде Салық кодексіне өзгерістер енгізілді.

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін салық төлеушілер, егер олар:

1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып танылса;

2) осы режимді қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырса, қолдануға құқылы.

Қызмет түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен  белгiленедi.