Date of publication: 07.06.2016 15:38
Date of changing: 07.06.2016 15:43

   

         Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерінде, яғни Шет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлердегі жылжымайтын мүлiкті, эмитенттерi шетел мемлекетінде тіркелген бағалы қағаздарды, шетел мемлекетінде тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесін жария ету және ақшаны жария ету өткізу жөнінде комиссия құрылды.

         Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлердегі жылжымайтын мүлiкті, эмитенттерi шетел мемлекетінде тіркелген бағалы қағаздарды, шетел мемлекетінде тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесін жария ету кезінде, екiншi деңгейдегi банкте, Ұлттық пошта операторында ағымдағы шотқа ақшаны салмай (аудармай) – жария етілетін ақшаны жария ету кезінде, тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы жария етілген жағдайда алым алынады.

Алым:
      1) жария етілетін ақшаның сомасынан алымды төлеу және тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы жария етілетін ақша          сомасының;
      2) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде тұрған, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген, арнайы декларацияда көрсетілген мүлік құнының он пайызы мөлшерінде        төленеді.
      Мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталды және 2016 жылғы 31 желтоқсанда       аяқталады.
         Жария етілетін мүлік бойынша ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін субъектілер жауаптылықта болады.

 

 

Қарағанды облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер Департаменті