Date of publication: 19.01.2021 17:50
Date of changing: 19.01.2021 17:51

Сұрақтың жауабы TІЖ арқылы

Сұрақ: ЕАЭО елдерінің аумағынан ҚР аумағына тауарларды әкелу кезінде ТІЖ-де және 328.0 нысанында валюта бағамын қандай түрде көрсету керек?

Жауап: ҚР аумағына тауарларды әкелу кезінде ТІЖ ұлттық валютада немесе шот-фактурада көрсетілген валютада жазып беріледі. Валюта бағамы ТІЖ ресімдеу күніндегі ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес көрсетіледі. 328.0-нысан шекараны кесіп өткен күнгі талонның күні бойынша ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы бойынша толтырылады.