Date of publication: 30.05.2016 17:55
Date of changing: 30.05.2016 18:17

210.00 нысаны бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны ұсыну сұрақтары бойынша (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша)

 

Астана, Алматы қалалары және

облыстар бойынша мемлекеттік кірістер Департаменттері

 

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 01.01.2016 жылдан бастап 210.00 нысаны бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны ұсыну сұрақтары бойынша (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша) салық төлеушілерден сауалдарының келіп түсуіне байланысты келесіні хабарлайды.  

Салық кодексінің 01.01.2016 жылға дейін күші болған 364-бабының 1-тармағының мәтіні салықтық агенттердің жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациясын Қазақстан Республикасының азаматтарымен қоса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға ұсынуды қарастырған.

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 18 қарашасындағы № 412-V Заңымен Салық кодексінің жеке табыс салығы мен әлеуметтік салығы бойынша декларация ұсыну тәртібіне қатысты бөлігінде 364 бабының  1 тармағы нормасынан жеке 1-1 тармақ нормасын айыру бойынша мәтіндік өзгерістер енгізілген.

Осылайша, аталған өзгерістер нақтылау болып табылады және салықтық агентке қосымша міндеттемелер туындауына алып келмейді.

         Баяндалғанның негізінде, салық кодексінің 68-бабы 7-тармағы мен 364-бабының 1-1 тармағын қолдану бойынша 210.00 нысандағы декларацияны ұсыну қажеттілігі туралы сұрақтар туындаған жағдайда 2009 жылығы 25 мамырдағы №НК-13-24/4898 түсіндіру хатын басшылыққа алу қажет.     

Қосымша: 2009 жылғы 25 мамырдағы № НК-13-24/4898 хат.

Төраға                                                                                                                                                                                                                                                                                   Д. Ергожин

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № НК-13-24/4898 хаты

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті жеке табыс салығы мен әлеуметтік салығы бойынша декларацияны (210.00 нысан) (бұдан әрі - декларация) тапсыру тәртібіне қатысты келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасында бейрезидент болып танылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың төлем көздерінен салық салынатын табысына Салық кодексінің 192-бабында көрсетілген Салық кодексінің 195-бабында айқындалған тәртіп пен мерзімде салық салуға тиіс табыстар жатқызылады.

Қазақстан Республикасында резидент болып танылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың төлем көздерінен салық салынатын табысына Салық кодексінің 160-бабында көрсетілген Салық кодексінің 18-19 Тарауларында айқындалған тәртіпте салық салуға тиіс табыстар жатқызылады.

Осыған орай, жұмыс берушімен немесе өзге тұлғалармен еңбек немесе өзге  азаматтық-құқықтық қарым-қатынаста болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстары Қазақстан Республикасында Салықтық заңнамаға сәйкес төлем көзінен салық салынуға жатады.

Салық кодексінің 154 және 201 баптарына сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидентке табысты төлейтін және салық агенттері деп танылған тұлғаларға жүктеледi.

Осыған орай, салық кодексінің 162 және 203 баптарында көрсетілгендей Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша Салық кодексінің 67-бабының 2-тармағында көзделген декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірілмей салық төленетін жердегі салық органдарына табыс етіледі.

Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2008 жылғы 28 желтоқсандағы №611 бұйрығымен бекітілген жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша (210.00 нысан) салықтық есептілікті (декларация) құру ережелеріне сәйкес декларация жеке табыс салықты, әлеуметтік салықты, СЗҚ-на міндетті зейнетақы салымдарын,  шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік алымдар соммаларын есептеуге арналған.

Осыған орай, салық төлеушілерде бейрезиденттер мен азаматтығы жоқ тұлғалармен еңбек, азаматтық-құқықтық және өзге де қарым-қатынастары болмаған жағдайда, 210.00 нысандағы декларация салық төлеушімен салық органдарына табыс етілмейді. 

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің Салық комитеті:

1. 2009 жылғы 14 мамырдағы № НК-06-26/4509 аймақтық салық департаменттеріне, Астана, Алматы, аудандық арнайы экономикалық аймақтарға жіберілген 210.00 нысанда декларация ұсыну бойынша түсіндіру хатын қайтарып алады және аталған декларацияны ұсыну тәртібі бойынша сұрақтарда осы хатқа сүйенуді тапсырады.

2. Қағаздық тасымалдағыштарда «нөлдік» көрсеткіштермен ұсынған салық төлеушілер үшін СОНО ақпараттық жүйесіне 210.00 нысандағы декларацияны енгізу қажетсіздігін атап өтеді.

Төраға                                                                                                                                                                                                                                                                                   Д. Ергожин