Date of publication: 28.10.2020 11:28
Date of changing: 28.10.2020 11:29

Көлік салығы

           Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңының (Салық кодексі) 492-бабының 3-тармағына сәйкес салықты есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш                       (әрі қарай – АЕК) қолданылады.

             2020 жылға көлік құралдары салығын есептеу үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК, 2 651 теңге қолданылады.