
Бұдан бұрын салық төлеушілердің назарына БАҚ арқылы сот органдарына оңалту рәсімін қолдану туралы талап арызды дайындаудан бастап оңалту рәсімін қолдану алгоритмі туралы және одан әрі қаржылық тұрақтылық класын айқындау тәртібі, оңалту рәсімін қолдану салдары, оңалту және оңалту рәсімінде мүлікті басқару жоспарын әзірлеу туралы ақпарат жеткізілді.
Кешенді жоспардың 77-тармағын іске асыру барысында Мемлекеттік кірістер органдары оңалту рәсімінің қандай да бір жақтарын түсіндіре отырып, салық төлеушілермен жеке әңгімелесу жүргізеді.
Салық төлеушілерiнде олардың құқықтары мен міндеттері, оңалту рәсімі олардың өкілеттіктеріне, оңалтылатын кәсіпорынның басшысы ретінде қалай әсер етуі мүмкін екендігі туралы сұрақтар жиi туындайды.
Мемлекеттік кірістер органдарымен жүргізілетін түсіндіру жұмысының мақсаты - салық төлеушілерiне оңалту және банкроттық саласындағы заңнама нормаларын заңды және экономикалық терминдермен қиындатылмаған, женiл тілде тусiндiру болып табылады.
Осыған байланысты бүгін біз оңалту басқарушысының қандай өкілеттіктерге ие екенін түсіндіреміз.
Оңалтуды басқарушының өкілеттіктері "оңалту және банкроттық туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабымен ережеленедi.
Оңалту басқарушының құқықтары:
1) ұйымдардан, мемлекеттік органдардан және олардың лауазымды тұлғаларынан борышкер туралы ақпарат сұрату және алу;
2) кредиторлар жиналысының келісімімен кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелер жасау;
3) кредиторлар жиналысының келісімімен борышкердің шығыстарын ұлғайтуға, оның ішінде борышкер қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге әкеп соғатын шешімдер қабылдауға құқылы;
4) кредиторлардан мәлімделген талаптардың негіздемесі мен сомасын растайтын құжаттарды сұрату;
5) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында реттелетін қатынастарға ақпараттық жүйені қолдана отырып қатысу;
6) кредиторлар жиналысы мен кредиторлар комитетінің, уәкілетті органның іс-әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен шағымдануға құқығы бар.
Бұл жағдайда Заңның 71-бабы барынша айқын баяндалған, яғни оңалтушы басқарушы кәсіпорынды басқару кезіндегі сияқты өкілеттіктерге ие болады, тек оңалту кезінде кәсіпорынның қызметіне қатысты түпкілікті шешім қабылдау (мәмілелер, шығыс операцияларын жасау және т.б.) кредиторлар жиналысымен келісу бойынша қабылданатын болады.
Оңалтуды басқарушының міндеттеріне келетін болсақ, бұл тізім оңалту рәсіміндегі кәсіпорынның кредиторлар жиналысына, уәкілетті органға есеп беретіндігіне байланысты едәуір кең болады.
Сонымен қатар, мысалы, оңалтушы менеджердің борышкердің мүлкін басқаруға қабылдау және борышкердің мүлкін қорғау мен бақылауды қамтамасыз ету міндеті кәсіпорынның кез-келген басшысы үшін сөзсіз болып табылады және нұсқаулықта қандай да бір жаңалық болып көрінбейді.
Оңалтуды басқарушының кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізу міндеті басшы үшін жаңалық болып табылмайды, өйткені кез келген басшы кредиторлар алдындағы берешекке қатысты өзі шешім қабылдайды.
Бүгін біз Заңның 71-бабымен ережеленген оңалтушы басқарушының өкілеттіктерін қысқаша баяндадық.
Департамент тағы да еске салады, оңалту рәсімін қолдануға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда 87212-410919, мобильді телефон арқылы хабарласуға болады: 87756152325. Жұмыс күндері сағат 09.00-ден бастап. сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 18.30-ға дейін.