
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - ҚР ҚМ МКК) салық төлеушілердің бақылау-кассалық машиналарын (бұдан әрі - БКМ) пайдалануды насихаттау мақсатында, кәзіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдарында БКМ-ді тіркелген, бірақ қаңтар-ақпан айларында (пандемия басталуына дейін) қолданылмаған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға "Кампейн-менеджмент" бағдарламалық пакетін қолдана отырып, SMS-хабарлама жіберіліп жатқандығын хабарлайды.
SMS-таратудың мақсаты БKM-ды қолдану қажеттілігін еске түсіру және БKM-ды пайдаланбау туралы себептерін білу. Салық төлеушілерден кері байланыс алу үшін Веб-парағы жасалды, онда БKM қолдану туралы мәліметтер және БKM қолданылмаған себептер тізімі көрсетілген (салық төлеушінің өтініші бойынша толтырылады). Салық төлеуші алынған SMS-ке жауапты екі жолмен бере алады:
- егер смартфонда сәйкес бағдарлама болса, Bеб-параққа сілтеме арқылы кіріп, БКМ-ды пайдаланбау себебін таңдап және осы хабарламаны жіберуге (1-қосымша);
- МКК 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу. Осы мәселе бойынша Байланыс орталығына жүгінген кезде, оператор SMS жіберудің мақсаты туралы түсіндірме беру керек және салық төлеушінің өтініші бойынша БKM пайдаланбау себебін анықтап, оның телефон нөмірін және (немесе) ЖСН-ды жазу қажет (кері байланыс алған кезде салық төлеушінің сәйкестендіргіштерінің бірі).
Туындаған сұрақтар бойынша 1414 телефон арқылы МКК-нің байланыс орталығына да жүгінуге болады.
Ескерту: Бақылау - кассалық машиналарды пайдаланбаған үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 284-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.