
Бизнестің көптеген субъектілері белгілі бір активтер мен келешек көрініске қарамастан ұзаққа созылған карантинге байланысты қаржылық жағынан көптеген мәселелерге тап болды.
Сонда да есіңізде болсын, үкімет мұндай кәсіпорындарды қолдау үшін, оның ішінде БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы дағдарыстан шығу туралы ақпаратты жеткізу арқылы шаралар әзірлеп, қолданылуда.
Осындай шаралардың бірі оңалту рәсімін қолдану болып табылады.
Мемлекеттік кірістер органдары мерзімді түрде жергілікті арна және әлеуметтік желілер арқылы оңалту рәсімін қолдану тәртібі бойынша түсіндірулер жүргізеді.
Оңалту рәсімі мәселелерін түсіндіруге мемлекеттік кірістер органдары әкімшілермен бірлесіп сонымен бірге оңалту рәсімін қолдану тәртібіне практикалық көмек көрсету және сотқа өтініш беру үшін қажетті құжаттарды дайындауға әкімшілер көмек көрсететін кәсіпкерлердің назарына жеткіземіз.
Оңалту рәсімін қолданған жағдайда, жұмыс орындарын сақтай отырып, кредиторлық берешекті өтеу кестесі әзірленген оңалту жоспарының көмегімен қаржылық жағдайды тұрақтандырып, дағдарыстан біртіндеп шығуға нақты мүмкіндік бар екенін тағы бір рет ескертеміз.
Оңалту рәсімін қолдануға қатысты туындаған сұрақтар бойынша жұмыс уақытында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен мына телефондар бойынша хабарласыңыздар: 87212-410919, 87756152325.