Date of publication: 07.08.2020 21:54
Date of changing: 07.08.2020 21:55

Үш жылға салық төлеуден босатылған кәсіпкерлер (СЕН 910) өз кірістерін көрсетіп жазуы керек, есеп формасын толтыру кезінде автоматты түрде есептелген салық көлемін нөлге өзгерту мүмкіндігі қарастырылған

 

2020 жылға арналған (СЕН 910) жаңартылған түрі салық төлеушінің жеке кабинетінде орналастырыған, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы" Заңының 57-4 бабының нормаларын жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылған.

 

Егер салық төлеуші жоғарыда көрсетілген Заң талаптарына сай болса, ол салық төлеуде үш жылға босатылады, алайда салықтық есеп, кірістерді тіркеу, сәйкесінше БКМ қолдану, салықтарды есептеу және декларация толтыру міндеттемелерін әрі қарай орындауы тиіс.

 

Есептік кезең қорытындысы бойынша декларацияда алған кірістер бойынша (тікелей ақша немесе қолма-қол қаражатсыз, қандай тәсілмен алғанын көрсетуі қажет), жұмыскерлердің саны (жұмыскерлер болған жағдайда ғана толтырылады), олардың жалақысы туралы ақпаратты көрсетуі тиіс.

 

Автоесептеу алгоритмі декларацияланған кірістің сомасы негізінде төленуі тиіс салықтың жалпы көлемін шығарып береді.

Жаңа шаблонда бюджетке төленуі тиіс салық сомалары көрсеткіштерін нөлдік көрсеткішке түзету мүмкіндігі іске асырылды (910.00.008 және 910.00.009 жолдар), салық төлеуші жоғарыда көрсетілегн Заң баптары талаптарына сай болатын болса, есептелген салық сомаларын нөлдік көрсеткішке түзете алады.