2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын ершікті тартқыштарға арналған механикалық көлік құралдарын алғашқы мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеуден босатуды көздейді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, мынаны хабарлайды.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 шілдедегі №354-VI Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2020 жылдың соңына дейін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын ершікті тартқыштарға арналған механикалық көлік құралдарын алғашқы мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеуден босатуды көздейтін Салық кодексінің 553-бабына (Салық кодексінің 553-бабының 4-тармағы кестесінің 4.4-жолы) түзету 2020 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілді.
Осылайша, 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2020 жылдың соңына дейін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын ершікті тартқыштарға арналған механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым 0,25 АЕК мөлшерлемесі бойыншаөндіріліп алынатын болады (механикалық көлік құралын (Алғашқы мемлекеттік тіркеу жүргізілетін көлік құралынан басқа) немесе тіркемені мемлекеттік тіркегені үшін алым).