
1. Кодекстің 66-бабында бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын;2) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша салықтық тексерулер жоспарына немесе ішінара салықтық тексерулер тізіміне енгізілмеген не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің жартыжылдық графигіне енгізілмеген, қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын адамдардың салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктерін белгілейді.
2. Дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда, орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:
1) қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті;2) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны, осындай есепке алу болған кезде;3) таратудың салықтық есептілігін;4) осы Кодекстің 169-бабында айқындалған тәртіппен бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.
3. Салық органы дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
1) уәкілетті мемлекеттік органдарға;2) екінші деңгейдегі банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу жіберуге міндетті.
4. Салық органы осы баптың 5-тармағында көзделген барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылауды жүзеге асыруға және осы Кодексте айқындалған тәртіппен қорытынды жасауға міндетті.Қорытынды қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей дара кәсіпкерге немесе жеке практикамен айналысатын адамға қолын қойдыра отырып табыс етіледі немесе оған хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі.
5. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, қорытынды алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылады. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды осы Кодекстің 96-бабында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады. Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары салық төлеуші ұсынған түсініктермен келіспеген жағдайда, салықтық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте салықтық тексеру мұндай хабарламаны орындау мерзімі өткеннен кейін және (немесе) анықталған бұзушылықтар бойынша келіспеу туралы түсінік алынғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
6. Дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам:
1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар және салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаған кезде - қорытынды жасалған;2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар болған және салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаған кезде - осындай бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған;3) салықтық берешек болған кезде және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылған кезде - салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек өтелген күннен бастап тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.