Date of publication: 22.06.2020 18:03
Date of changing: 22.06.2020 18:04

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 550-бабына сәйкес
89-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылады.

Кодекстің 89-баптың 5-тармағына сәйкес таңдап алынған кедендік рәсімге сәйкес кедендік бақылаудағы тауарлар бойынша кеден органы, егер осы баптың 2 және 3 – тармақтарында өзге мерзім белгіленбесетауарлардың кедендік бақылаудағы болу мерзімі аяқталғаннан кейін, тауарлардың кедендік бақылауда болу мерзімі және үш жыл ішінде төлеуге жататын кедендік төлемдердің, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасын есептеуге немесе қайта қарауға құқылы.

Кодекстің 89 – бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кедендік бақылауды жүргізу кезеңінде, оның ішінде тауарлар шығарылғаннан кейін-талап қою мерзімі осындай кедендік бақылауды жүргізу, кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтегенге дейін кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша қабылданған кеден органының шешімін орындау мерзіміне ұзартылады.

Аталған негізінде камералдық кедендік тексеру 2020 жылы
2 маусымда аяқталған жағдайда кеден органы Кодексінің 550-баптың ережелерін қолдануға құқылы емес,осы баптың қолданылуы 2020 жылғы
1 қаңтарда тоқтатылады.

Тиісінше талап қою мерзімі Кодекстің 89-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда 3 жылды құрайды.

Талап қою мерзімінің ұзартылуына қатысты кедендік бақылау кезеңі 2019 жылдың 27 желтоқсанынан 2020 жылдың 2 маусымына дейін созылғандықтан, талап қою мерзімі дәл осы уақыт кезеңіне ұзартылады.