
Мемлекет басшысы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы, барлық қызмет салалары бойынша халықтың пікірін барынша ескеру керектігін атап өтті.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Тыңдау» бірегей жобасын іске қосты, оның шеңберінде әрбір азамат мемлекеттік қызметтерді жетілдірудің қатысушысы бола алады және қолжетімді цифрлық мемлекет құруға өз үлесін қоса алады.
Оған қатысу үшін tyndau.kz сілтемесі бойынша онлайн-сауалнамада барлығын белгілей отырып, электрондық қызметті алу және осы үдерістің әрбір қадамын бағалау қажет.
Бұдан әрі электрондық қызметтер бойынша тиісті материалдардың жиналуына қарай азаматтардың ұсыныстары мүдделі органдармен бірлесіп, көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар ете отырып, пысықталатын болады.
Жақын арада «Тыңдау» тиімді жоба болады деп күтеміз, оның аясында халықтың пікірі ескеріледі.