Date of publication: 25.04.2016 17:45
Date of changing: 25.04.2016 17:49

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2016 жылғы 1 тоқсандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыс нәтижесі туралы

ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 26.12.2014 жылғы №986 жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасынның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен сыбайлас жемқорлық деңгейін түбегейлі қысқартуға, мемлекет пен қоғам өмірінің түрлі салаларында оны тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға қабілетті алдын алу сипаттағы кешенді шараларға жетекші рөл берілген. Яғни, басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күреске емес, оның алғышарттарын жоюға аударылуы тиіс.

Осыған байланысты, басқа мемлекеттік орган сияқты Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің негізгі міндеттерінің бірі қызметкерлермен жасалған қызметтік теріс қылықтарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды, тәртіптік құқық бұзушылықтарды, сонымен қатар мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін қылықтардың алдын алу болып табылады.

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасының өз күшімен ағымдағы жылдың басынын 2 қылмыстық іс тіркелді.

2016 жылдың 30 қаңтарында Департаменттің ішкі қауіпсіздік бөлімшесі бюджетке салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару фактісі бойынша «Юг-Спецтройпроект» ЖШС және «Phaeton consept» ЖШС басшылығына қатысты өндірісінде сотқа дейінге тергеу материалдары болған Экономикалық тергеу қызметінің Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша басқармасының қызметкеріне пара беру фактісінің алдын алды.

Сонымен жоғарыда көрсетілген шаруашылық субъектілерін сату бойынша делдал деп өзін таныстырған азамат Т., өзі пайда көру және оларды қылмыстық жауапкершіліктен босату мақсатында Департаменттің қызметкеріне пара беруге әрекеттенді және 27 000 АҚШ доллары сомасында заңсыз ақшалай сыйақы беру кезінде ұсталды.

Аталған қылмыстық құқық бұзушылық Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бірыңғай сотқа дейінгі тергеу тізілімінде тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Департаменттің Экономикалық тергеу қызметінің қызметкеріне ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының құқығымен материалдық сыйлық берілді.

Қызметтік тергеу материалдары бойынша теріс себептермен жұмыстан босатылған Департаменттің қызметтік тұлғалары жоқ.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Департаменттің лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтің беделін түсіру әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылған жоқ.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының  қызметіне азаматтардың сенімін жоғарлату және оң имиджін қалыптастыру, жұртшылықты тарту, бұқаралық ақпарат құралдарын сыбайлас жемқорлық пен қылмыстылықпен күресуге тарту, сыбайлас жемқорлықтың көрінісіне жаппай төзбейтін атмосфера құру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің беделін көтеру мақсатында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде тұрақты негізде Департамент басшысының жанында кәсіпкерлер қауымдастығының басшыларының, әртүрлі кәсіпорындар саласын ұсынатын қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен кеңестер өткізіледі. Халық арасында ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жандандыру мақсатында сыбайлас жемқорлық көріністері үшін орын алу мүмкіндігін туғызатын қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер нормасына түрлі түсініктеме беруден қашу үшін бұқаралық ақпарат құралдарында жиі кеден және салық салаларындағы қолданыстағы заңнамаларға қатысты ақпарат баяндалады.

2016 жылдың өткен кезеңінде Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасы 25 алдын-алу шараларын жүргізді, сонымен қатар, Департаменттің қызметтік тұлғалары ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау, ҚР мемлекеттік қызметшісінің Этникалық кодексін, қызметтік, еңбек және атқарушылық тәртібін сақтау туралы жеке әңгімелесулер өткізеді.

Жалпы Департамент, Департаменттің қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлықты барынша азайту және алдын алу бойынша барлық шараларды қабылдауда.

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметтік тұлғалары тарапынан құқыққа қарсы іс әрекеттер фактісі бойынша жеке және заңды тұлғаларға тәулік бойы абоненттік нөмірмен сенім телефоны жұмыс істейді 567-000. Телефон Департаменттің кезекші бөлімі бөлмесінде, мына мекен-жай бойынша: Қарағанды қ., Б. Хмельницкий көш.,14 үй орнатылған(Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірстер депаратаментінің Экономикалық тергеу қызметінің ғимараты).